2015 жылғы 30 наурыз, Астана қаласы
Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 30 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ___________ Н.Әбікаев
2015 жылғы 24 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е.Досаев
2015 жылғы 22 маусым
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы .№4-4/282 бұйрығына 1-қосымша
Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлер тiзбесi
№ р/с Мемлекеттік тілдегі атауы Латын тіліндегі атауы
1. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ, карантиндiк маңызы бар, өсiмдiктер зиянкестерi, ауруларының қоздырғыштары және арамшөптер
1.1. Өсiмдiктер зиянкестерi
1 Азиялық сүген Anoplophora glabripennis (Motschulsky)
2 Азиялық көп қоректі дән қоңызы Callosobruchus analis F.
3 Азиялық мақта көбелегі Spodoptera litura (Fabricius)
4 Ақ жиекті қоңыз Pantomorus leucoloma Boheman
5 Ақ ұнтақты шығыс құрты Pseudococcus citriculus Green
6 Алма шыбыны Rhagoletis pomonella Walsh
7 Алманың зер қоңызы Agrilus mali Mats
8 Алмұрт қан көбелегі Numonia pyrivorella (Matsumura)
9 Андылық картоп бізтұмсығы Premnotrypes spp.
10 Апельсин қалқаншалы сымыры Unaspis citri Comst.
11 Беденің америкалық үңгі шыбыны Liriomyza trifolii Burg et Comst. Or (Burgess)
12 Гүлдің (калифорниялық) батыс трипсі Frankliniella occidentalis Pergande
13 Жапон қоңызы Popillia japonica Newman
14 Жапондық балауызды жалған қалқаншалы сымыр Ceroplastes japonicus Green
15 Жапырақтың оңтүстік америкалық үңгі шыбыны Liriomyza huidobrensis Blanchard
16 Жеміс бізтұмсығы Conotrachelus nenuphar (Herbst)
17 Жерорта теңізінің жеміс шыбыны Ceratitis capitata (Wiedemann)
18 Жүгерінің (диабротика) батыс коңызы Diabrotica virgifera virgifera Le Conte
19 Жүзім филлоксерасы Viteus vitifoliae Fitch.
20 Инжірдің балауызды жалған қалқаншалы сымыры Ceroplastes rusci (Linnaeus)
21 Қарағайлық қара сүген Monochamus galloprovincialis (Olivier)
22 Капр қоңызы Trogoderma granarium Everts
23 Картоптың түйнек бүрге-қоңызы Epitrix tuberis Gentner
24 Картоптың бүрге-қоңызы Epitrix cucumeris Harris
25 Картоп күйесі Phthorimaea operculella (Zeller)
26 Кылтан жапырақтылардың қара мұртты (немесе сүген) қоңызы Monochamus saltuarius Gebler
27 Қызанақтың жапырақ үңгі шыбыны Liriomyza sativae Blanchard
28 Қытайлық дән қоңызы Callosobruchus chinensis L.
29 Мақта күйесі Pectinophora gossypiella (Saunders)
30 Мақтаның мысырлық көбелегі Spodoptera littoralis (Boisduval)
31 Мандариннің үлкен шыбыны Tetradacus citri Chen.
32 Пальма трипсі Thrips palmi Karny
33 Сібір жібек көбелегі Dendrolimus sibiricus Chetverikov
34 Таяқша тәріздес жапондық қалқаншалы сымыр Lopholeucaspis (leucaspis) japonica (Cockerell)
35 Темекі аққанаты Bemisia tabaci Gennadius
36 Төрт нүктелі дән қоңызы Callosobruchus maculatus F.
37 Тұт ағашының қалқаншалы сымыры Pseudaulacaspis pentagona (Targioni-Tozzetti)
38 Үнділік үрме бұршақтың дән қоңызы Callosobruchus phaseoli Gyll.
39 Цитрустық шығыс қалқаншалы сымыры Unaspis yanonensis Kuw.
40 Цитрус аққанаты Dialeurodes citri Riley
41 Цитрустың үңгі күйе көбелегі Phyllocnistis citrella Stainton
42 Цитрустың ақұнтақты сымыры Pseudococcus gahani Green
43 Шабдалының жеміс жемірі Carposina niponensis Wlsingham
44 Шыршаның кіші қара мұртты (немесе сүген) қоңызы Monochamus sutor Linnaeus
45 Шыршаның үлкен тін жегіші Dendroctonus micans (Kugelann)
46 Шыршаның үлкен қара мұртты (немесе сүген) қоңызы Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim)
1.2.Өсімдіктер ауруларының қоздырғыштары
Саңырауқұлақты
47 Бидайдың үнділік (карнал) қара күйесі Tilletia indica Mitra
48 Еменнің жүйке-талшық микозы Ceratocystis fagacearum (Bretz.) Hunt.
49 Жүгерінің диплодиозы Diplodia macrospora (Earle) Sutton
50 Жүгерінің диплодиозы Diplodia frumenti ( Ellet Ev)
51 Жүгері жапырақтарының дағы (теңбілі) Cochliobolus carbonum R. R. Nelson
52 Жүгерінің оңтүстік гельминтоспориозы Т расасы Cochliobolus heterostrophus Drech rasa T. (Helminthosporium maydis Nisicado et Miyak.)
53 Қарағай діңгегінің және бұтағының ісігі Atropellis pinicola Zeller & Goodding
54 Қарағай діңгегінің және бұтағының ісігі Atropellis piniphilla (Weir.) Lohman & Cash
55 Картоптың (түйнектердің) қара күйесі Angiosorus solani Thirum. et O, Brien
56 Картоп ісігі Synchytrium endobioticum (Schilbersky) Percival
57 Күнбағыстың фомопсисі Phomopsis helianthi Munt. Cvet. et al
58 Мақта антракнозы Glomerella gossypii Edgerton
59 Таңкурай және бүлдіргеннің фитофторозды тамыр шірігі Phytophthora fragariae Hickman.
60 Техастық тамыр шірігі Phymatotrichopsis omnivora (Duggar) Hennebert
61 Хризантема аскохитозы Didymella chrysanthemi (Tassi) Gar. et Gull.
62 Хризантема гүлінің ақ таты Puccinia horiana P.Henn.
Бактериялық
63 Сары шырышты бактериоз (масақтың сарғылт шіруі) Clavibacter tritici (Carlson & Vidaver) Davis
64 Жеміс ағаштарының бактериялы күйігі Erwinia amylovora (Burrill) Winston et al.
65 Жүгерінің бактериялы солуы (вилт) Erwinia stewartii (Smith) Dye
66 Жүзімнің бактериялы солуы Xanthomonas ampelina (Panagopoulos) Willems et al.
67 Картоптың бактериялы сақиналы шірігі Clavibacter michiganensis michiganehis (Smith) Davis et al. sepedonicus sepedonicum (Spieckermann and Kotthoff) Davis et al.
68 Картоп түйнегінің қоңыр шірігі Ralstonia solanacearum (Smith) Yabuuchi et al
69 Күріштің бактериялы жолақтануы Xanthomonas oryzae pv .oryzicola (Fang et al) Swings et al
70 Күріштің бактериялы күйігі Xanthomonas oryzae pv. oryzae (Ishiyama) Swings et al
Фитоплазмалық және вирустық
71 Алхоры шаркасы (шешек) Plum pox potyvirus
72 Жүзімнің алтын тәріздес сарғаюы Grapevine flavescence doree phytoplasma
73 Картоптың андылық секпілді комовирусы Andean potato mottle comovirus
74 Картоптың андылық латентті тимо-вирусы Andean potato latent tymovirus
75 Картоп жапырағының сарғаюы Potato yellowing alfamovirus
76 Картоптың Т вирусы Potato T trichovirus
77 Кызыл шие жапырағын тілімдеуші неповирус Cherry rasp leaf nepovirus
78 Шабдалының жасырын мозайкасы Peach latent mosaic viroid
79 Шабдалының ұсак жапрақтылық мозаикасы Peach rosette mosaic nepovirus
Нематодалық
80 Картоптың алтын түстес жұмырқұрты Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens
81 Картоптың бозғылт жұмырқұрты Globodera pallida (Stone) Behrens
82 Карағай діңінің жұмырқұрты Bursaphelenchus xylophilus (Steiner et Buhrer)
83 Картоптың колумбиялық беріш жұмырқұрты Meloidogyne chitwoodi Golden et al
1.3. Арамшөптер
84 Калифорниялық күнбағыс Helianthus californicus DC.
85 Каролин алқасы Solanum carolinense L.
86 Кірпікті күнбағыс Helianthus ciliaris DC.
87 Қолтықты аюбадана Iva axillaris Pursh.
88 Масаты тектес шырмауық гул Ipomoea hederacea (L) Jacg.
89 Салалы жапырақты алқа Solanum elaeagnifolium Cav.
90 Сирек гүлді ценхрус Cenchrus pauciflorus Benth.
91 Стригалар (барлық түрлері) Striga sp.sp
92 Үшбөлікті ойраншөп Ambrosia trifida L.
93 Шұңқырлы шырмауық гүл Ipomoea lacunosa L.
94 Түкті итошаған Bidens pilosa L.
95 Үш гүлді алқа Solanum triflorum Nutt.
2. Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған
карантинді объектілер
2.1. Өсiмдiктер зиянкестерi
96 Америкалық ақ көбелек Hyphantria cunea Drury.
97 Жемістің шығыс жемірі Grapholita molesta (Busck)
98 Жұпсыз жібек көбелек Lymantria dispar L. (asian race).
99 Калифорниялық қалқаншалы сымыр Quadraspidiotus perniciosus Comst.
100 Комсток сымыры (құрты) Pseudococcus comstocki Kuw.
101 Қауын шыбыны Myiopardalis pardalina (Bigot)
2.2. Арамшөптер
102 Арам сояулар Cuscuta sp.sp
103 Жатаған (қызғылт) укекіре Acroptilon repens D.C.
104 Жусан жапрақты ойраншөп Ambrosia artemisiifolia L.
105 Көп жылдық ойраншөп Ambrosia psilostachya D.C.
106 Тікенекті алқа (мүкжидек тәріздес) Solanum rostratum Dun.
2.3. Бөтен текті түрлер
107 Ерекше жүгері қоңызы Diabrotica speciosa Germer
108 Жақұтты қушық денелі шаған зер қоңызы Agrilus planipennis Fairmaire
109 Жүгері тамырының батыс қоныз Diabrotica virgifera Le Conte
110 Онтүстік жүгері қоңызы Diabrotica undecimpunctata howardi Barber
111 Солтүстік жүгері қоңызы Diabrotica barberi Smith & Lawrence
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы №4-4/282 бұйрығына 2-қосымша
Аса қауіпті зиянды организмдер тізбесі
1. Өсімдіктер зиянкестері:
1) шегіртке тектес (азиялық, мароккалық және италияндық прус); 6) мақта көбелегі;
2) бақашық қандала; 7) өрмекше кене;
3) астық сұр көбелегі; 8) сарышұнақтар;
4) гессен шыбыны; 9) тышқан тәрізді кеміргіштер;
5) астық қоңызы; 10) колорадо картоп қоңызы.
1. Дәнді дақылдардың аурулары: 1) астықтың тат ауруы; 2) дәнді дақылдардың септориозы.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11739 болып енгізілді.